Сайлау комиссияларының белгіленген өкілеттік мерзімдерінің (өкілеттік мерзімі 4 жыл сайын) аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес ауданық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №28-1 шешімімен аудандық (аумақтық) және учаскелік сайлау комиссиялары сайланды.
Құрамы 4 саяси партия филиалдарының және 4 қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен құрылды.
Соның ішінде:
Ұйымдар
Ауданымыз бойынша 1-аумақтық, 19- учаскелік сайлау комиссиялары бар.
Барлық сайлаушылар саны – 10115 (01.01.2022 ж ақпарат)
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құрамында 7 адам бар (Орналасқан жері: Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ғимараты )
Учаскелік сайлау комиссиясы құрамында 105 адам бар. Соның ішінде жоғары білімді- 66 (62,8%), арнаулы орта- 39 (37.2%)
Соның ішінде:
5 сайлау учаскесінде (сайлаушылар саны 1000-нан асатын)-7 мүшеден 35 адам
14 сайлау учаскесінде-5 мүшеден 70 адам
Аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының еңбек өтіліне қарай:
|
Жылдары |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|
0-1жж. аралығы |
|
19 адам (18,1 %) |
|
1-2жж. аралығы |
2 адам (28,6%) |
14 адам (13,3%) |
|
5-9жж. аралығы |
2 адам (28,6%) |
54 адам (51,4%) |
|
10-14жж. аралығы |
2 адам (42,8%) |
14 адам (13,3%) |
|
15-17жж. аралығы |
1 адам (28,6%) |
4 адам (3,9%) |
|
21-22жж. аралығы |
|
|
Аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мамандығына қарай:
|
Мамандығы |
Аумақтық сайлау комиссиясы |
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|
ІТ мамандығы |
|
|
|
дәрігерлер |
|
|
|
инженерлер |
2 адам (28,6%) |
8 адам (7,7%) |
|
мұғалімдер |
4 адам (57,1%) |
21 адам (20%) |
|
ауыл шаруашылығы |
|
31 адам (29,5%) |
|
экономистер |
|
4 адам (3,8%) |
|
заңгер |
|
|
|
кәсіпкерлер |
|
|
|
мәдениет саласы |
|
9 адам (8,5%) |
|
зейнеткерлер |
1 адам (14,3%) |
8 адам (7,7%) |
|
кіші қызметкерлер |
|
7 адам (6,6%) |
|
өз-өзін қамтығандар |
|
17 адам (16,2%) |
Сайлау комиссияларының соңғы үш жылдағы жұмысына тоқтала кетсек, 2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы және жыл ішінде 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылды. (Жәнібек, Күйгенкөл, Ұзынкөл, Тау)
2020 жылы Қамысты, Талов ауылдық округтері әкімдерінің сайлаулары өтсе, 2021 жылы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы өткізілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған ауыл әкімдерін тікелей сайлау бойынша Ақоба ауылдық округі әкімінің сайлауы (29 тамыз) ұйымдастырылып, 28 қараша күнге Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді. Ал, биылғы жылы Борсы, Жақсыбай а/о әкімдерінің сайлауы өткізіледі.
Сайлау инфрақұрылымы мониторингі
ҚР Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасына сай, жұмыс тобы құрылып барлық 19 сайлау учаскелерінде түгендеу жүргізіліп, паспорттар жасақталды. Сайлау учаскелерін түгендеу қорытындысы базаға толықтай енгізілді.
Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар мәліметтері бар дерекқорлары тексеріліп, түзетулер енгізіліп, ақпараттық жүйеге сайлаушылар тізімі туралы деректер, мүмкіндігі шектеулі адамдардың тізімі тұрғылықты жерлері бойынша мәліметтер жаңартылып отырады. Жеке тұлғаларды өзектендіру үшін сайлаушылардың санын нақтылау арқылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстар жүзеге асырылуда.
Аудан бойынша барлық сайлау учаскелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің картасына енгізілген.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.