Жәнібек ауылдық округі бойынша сайланған әкімді тіркеу туралы
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылдың 18 қазан күні Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 - бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 46 баптың 3 – тармағына және 113-11-бабының 1 тармағына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 қазандағы шешімімен, 1974 жылы туған, Жәнібек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған Ибатов Миранбек Нурланович, Жәнібек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы