ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылдың 18 қазан күні Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылдық округінде округ әкімінің сайлауы өтті.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 466 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 281 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Ә.Базарғалиеваға - 20;
Ұ.Ғазезовқа – 82;
М.Утегеновке – 164 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 8.
Жарамсыз бюллетендер саны – 7.
Утегенов Мирослав Нурланович Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1985 жылы туған, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылынының тұрғыны, «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы