ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, 2026 жылғы 25 қыркүйек күні Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Базарғалиева Әдемі Салауатқызы - 1992 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды;
- Ғазезов Ұшқын Қайратұлы – 1995 жылы туған, Жәнібек аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Утегенов Мирослав Нурланович - 1985 жылы туған, Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ұзынкөл ауылында тұрады, «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық филиалымен ұсынылды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы