ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы, 2026 жылғы 25 қыркүйек күні Жәнібек ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Дамас Алтынгуль - 1994 жылы туған, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауданы, Тау ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынды;
- Ибатов Миранбек Нурланович - 1974 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Испенбетова Айымгул Балтабеккызы – 1991 жылы туған, Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы