Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, 2026 жылғы 22 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 18-00 де, Жәнібек ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

Жәнібек ауданы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды:

  1. Дамас Алтынгуль – 1994 жылы туған, Тау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Тау ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Ибатов Миранбек Нурланович - 1974 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, Жәнібек ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынды;
  3. Испенбетова Айымгул Балтабеккызы – 1991 жылы туған, Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жәнібек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
22 сентября 2026