Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

                                                                                     

Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

2026 жылдың 9 қыркүйектегі №24 ҚАУЛЫСЫ

 

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына, 113-1-бабының 1-ші тармағының 2 тармақшасына сәйкес Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің өкілеттік мерзімдерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аталған ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 18 қазанға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымша бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Жәнібек ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы аудандық «Ғұмар елі» қоғамдық – саяси газетінде және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

      Жәнібек ауданының аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы                                    Ж.Хаирлиев

      Жәнібек ауданының аумақтық

      сайлау комиссиясының хатшысы                                    Г.Есниязова

 

Жәнібек және Ұзынкөл ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
09 сентября 2026