Конкурсты өткізу туралы хабарлама

Конкурсты өткізу туралы хабарлама

                Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы  20 желтоқсандағы N518 бұйрығына сәйкес Жәнібек ауданы әкімдігі 2026 жылғы 15 маусым күні сағат 15:00-де ҚР, БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі № 61 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

№ лот

Орналасқанжері

Жер көлемі,

гектар

Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы

Топырақтың сапалық сипаттамасы: қою-қоңыр, бонитет балы

1

2

3

4

5

6

1

Талов ауылдық округіндегі «Рамзан»  ШҚ және «Коняев»  ШҚ-ның жер учаскелерімен  шекаралас

200

10

егістік

балл бонитет 22

2

Талов ауылдық округінің солтүстік бағытында орналасқан суармалы егістік

400

10

Суармалы егістік

балл бонитет 22

                Конкурс қайта өткізілген жағдайда қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң, яғни 2026 жылдың 1 маусымнан 12 маусым күндері аралағында сағат 09.00 -дан бастап сағат 18.00 дейін өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы  № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Дата публикации
15 мая 2026