ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылдың 26 сәуірі күні Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 635 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 268 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
А.Дамасқа - 7;
А.Сағадатқа – 7;
Б.Шарафутдиновке – 226 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 1.
Жарамсыз бюллетендер саны – 27.
Шарафутдинов Бекежан Биболатович Жақсыбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1987 жылы туған, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылынының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы