ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылдың 26 сәуірі күні Жәнібек ауданының Борсы ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3 тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Борсы ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 455 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 388 сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Ә.С.Базарғалиеваға - 20;
З.М.Бақтығалиевке – 313;
А.Р.Қазбековке – 41 дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 4.
Жарамсыз бюллетендер саны – 10.
Бактыгалиев Зинхар Махметденович Борсы ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1989 жылы туған, Борсы ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы, Борсы ауылынының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы