GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
Экология санитария
29 апреля 2025
"Таза Қазақстан" акциясы

 

Бүгін Жақсыбай ауылдық округінде "Таза Қазақстан"акциясы аясында 75 түп тал-терек отырғызылып, қураған ағаштар кесілді.

Экология санитария
22 апреля 2025
Сенбілік

Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі.

19 сәуір күні кезекті сенбілік ұйымдастырылып,Жақсыбай сайының жағалауы тазартылды.

Экология санитария
16 апреля 2025
Таза Қазақстан

Жақсыбай ауылдық округінде санитарлық экологиялық айлыққа байланысты кезекті сенбілік оздырылды. Сенбілік барысында ауылдағы барлық мекемелер өз ғимараттырының айналасына тал-теректер отырғызды.Барлығы ауыл бойынша 70 түп тал-терек отырғызылды. Сонымен қатар мектеп оқушылырының қатысуымен ат шабатын алаңның орыны тазартылды.

жастар саясаты
02 апреля 2025
Таза Қазақстан!

29 наурыз күні Жақсыбай ауылдық округінде экологиялық айлыққа байланысты жалпы ауылішілік сенбілік өткізілді.Әр мекеме өз ғимараттарының және ауыл тұрғындары үй жайларының айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауыл көшелерін шаруа қожалықтар ,атап айтсақ А.Доскалиев, Б.Сағынғалиев, А.Баспақов ,К.Мекетаев өз техникаларымен тырмалауға көмектесті.

мәдениет және спорт
02 апреля 2025
Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз құтты болсын!

Кеше Жақсыбай ауылында Наурыз мерекесі орталық саябақта жоғары деңгейде тойланып өтті.Концерттік бағдарлама қойылып,ауыл тұрғындары,мектеп ұжымы,ауылдың келіндері және ауыл жастары атқа мініп шеру жасап, орталық алаңға жиналды.Саябағымызда ине шаншыр жер болмай ауыл тұрғындары көптеп жиналды.Биыл Наурыз мерекесі Қасиетті Рамазан  айымен тұспа-тұс келгендіктен,ауыл иманы құран бағыштап мерекелік бағдарламаның шымылдығын ашып, мемлекеттік әнұран мен жалғасын тапты.

Ауыл әкімі А.Каратаев тұрғындарды бүгінгі мерекемен құттықтап,алғыс хаттар табыстады. .Ауыл тұрғындары сап түзеп ұлттық қара жорға биін билеп берді.

 Мерекелік бағдарламада аударыспақ,қой көтеру,аркан тартыс,қол күрестен жарыстар өткізілІп, жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар киіз үй тігіліп, ауыл тұрғындарына ыссылай шай,бауырсақ,палау,наурыз көже және балаларға тәттілер  тегін таратылды.Ауыл үлкендері киіз үйге кіріп,әзірленген тағамдардан ауыз тиіп,алғыстарын білдірді.Осы мерекелік тойды тойлауға ауылымыздың шаруа қожалық жетекшілері Доскалиев Алик жылқы, Абдрахманов Самат қой беріп демеушілік жасады.Сонымен қатар әкім аппараты,мекемелер және жеке кәсіпкерлерде өз үлестерін қосты.Кеште ауылдың барша ауыз бекіткен жандарына "Айбатыр" мейрамханасында ауызашар берілді.

Бүгінгі мерекеде елдің татулығы мен бірлігі  жастарымыздың отан сүйгіштігі айқын көрінді.

мәдениет және спорт
03 марта 2025
Алғыс айту
 
 

Баршаңызды  көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен     құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күні. Бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің символына айналғаны рас. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайтын күн болғандықтан, бүгін Жақсыбай ауылдық округінде,  ауылымыздың 60 жылдығы аясында,  ауыл мешітінде   көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесіне ауылдың үлкендеріне арнап дастархан жайылды. Алдымен жаратушыға алғыс айтудан басталып, кезінде кеңшарды құруға атсалысып өздерінің еңбектерімен елдің дамуына үлес қосқан ағаларымызбен аналарымызға алғыс айтылды.   Өз кезігінде әр салада қызмет жасаған  ауылдың үлкендері еңбек еткен жылдарынан естеліктер айтып,  алғыстарын білдіріп, ауылдың ең үлкен ақсақалы С.Закарин дастарханға  батасын берді.

   Осындай көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын !

Баршаңызды  көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен     құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күні. Бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің символына айналғаны рас. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайтын күн болғандықтан, бүгін Жақсыбай ауылдық округінде,  ауылымыздың 60 жылдығы аясында,  ауыл мешітінде   көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесіне ауылдың үлкендеріне арнап дастархан жайылды. Алдымен жаратушыға алғыс айтудан басталып, кезінде кеңшарды құруға атсалысып өздерінің еңбектерімен елдің дамуына үлес қосқан ағаларымызбен аналарымызға алғыс айтылды.   Өз кезігінде әр салада қызмет жасаған  ауылдың үлкендері еңбек еткен жылдарынан естеліктер айтып,  алғыстарын білдіріп, ауылдың ең үлкен ақсақалы С.Закарин дастарханға  батасын берді.

   Осындай көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын !

мәдениет және спорт
26 февраля 2025
"Ауған соғысы ұмытылмас естелік"

Бүгін ауылымыздың 60 жылдығына сай құрылған жоспардың негізінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған  «Ауған соғысы ұмытылмас естелік» атты кездесу өтті. Онда ауыл әкімі А.Б.Қаратаев, ақсақалдар төрағасы Е.Дуйтов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің амандығын тіледі.

  Кездесуге мектебіміздің  «Жас шекарашылар» әскери-патриоттық клубы келіп қатысып, ерен еңбектің үлгісін қандай болатынын тыңдап, білді. Ауылдық кітапхана меңгерушісі С.Н.Айтуганова  «Ерлік –жан дүниенің ұлы қасиеті» атты көрмесін ұйымдастырып, ауған соғысы жылдарындағы оқиғаларға байланысты әдеби шығармалармен таныстырды. Мәдениет үйінің директоры Н.Қ.Бахтыгереева аталған шараны жүргізіп, ауыл өнерпаздары А.А.Каракулова мен З.Е.Жумагалиева әскери патриоттық әндер орындап, Е.Наби А.Еңсеповтың «Әке толғауы» күйін тартты.

 Шараның басты қонағы  Ауған соғысының ардагері ауыл тұрғыны Е.К.Бақаев шараны ұйымдастырған Әкім аппараты мен Мәдениет қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

  Соңында ауған соғысы ардагері Е.К.Бақаевқа  ауыл әкімі А.Б.Қаратаев  сыйлық тарту етіп ,естелік фотоға түсті.

мәдениет және спорт
25 февраля 2025
Спорт және денсаулық

Биылғы жылы ауылымыздың құрылғанына 60 жыл толу мерекесіне орай, бүгін ауылымызда ауыл ішілік волейболдан жарыс оздырылды,жарысқа әдейі қаладан студенттер келіп,шекара қызметкерлері,мұғалімдер және оқушылардан құрылған командалар сайысқа түсті.

📌Жарысқа ауылымыздың депутаты Абдрахманов Жасқалам Жұмабекұлы 150 мың тенге демеушілік жасады.

🏆Атап айтсақ

🥇- орын бас жүлде 70мың тенгені студенттер командасы,

🥈- орын шекарашылар командасы 50 мың тенге,

🥉- орын мұғалімдер командасы 30 мың тенгені  ұтып алды.

ссылка:https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek-zhaksibai?lang=ru

мәдениет және спорт
04 июня 2024
Рәміздер күні құтты болсын!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі құтты болсын!
Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.
Рәміздер күні мерекесіне орай ауылымызда жақында 1987 жылғы азаматтардың қолдауымен бой көтерген «Рәміздер аллеясында» мерекелік шара өтті.

мәдениет және спорт
04 июня 2024
Рәміздер аллеясы

25 мамыр күні Жақсыбай ауылында мектеп бітіргендеріне жиырма жыл болған мектеп түлектері ауылымызға Мемлекеттік Рәміздер алаңын сыйға тартты.Алаңның ашылуына аудан әкімі Т.С.Шиниязов қатысып,құттықтау сөз сөйледі.Сонымен қатар ауылымыздың ақсақалдар атынан Е.Дуйтов  өз лебізін жеткізді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы