Санитарлық айлық аясындағы кезекті сенбілік ауыл ішіндегі көшелердегі бағаналарды әктеу жұмыстарына арналды.
Бүгін Жұмаев елді мекенінде "Ішімдіксіз қоғам" тақырыбында ауыл тұрғындарымен жиын өтті.
Жиын барысында Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Е.Опиев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Н.Турешов аталмыш тақырып бойынша баяндама жасады.
Бұл жиын Жұмаев елді мекенінде тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар ішімдікке қарсы күрестің бастапқы қадамы болып табылады. Қоғамның сау және қауіпсіз болашағы үшін әрбір азаматтың осы мәселеге сергек қарап, оған қарсы тұруы қажет екенін түсінген жұрт жиынның соңында бір ауыздан ішімдікті жоққа шығару үшін күш біріктіруге келісім берді.
Сонымен қатар жиын барысында тұрғындарға интернет алаяқтық туралы да түсініктемелер берілді.
Жәнібек-Талов автомобиль жолының Тау ауылының тұсына жол көлік апатының алдын алу мақсатында
"Сиыр" және "Жылқы"макеттерін орнату жұмыстары атқарылды.
Осы тұрғыда автокөлік жүргізушілерге аталған жол учаскесінде жол ережесін бұзбай, сақтық шараларын алдын алуын сұраймыз.
Бүгін Тау ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық мекемелердің қызметкерлері бірлесіп сенбілік өткізді. Әр мекеме өздеріне бекітілген көшелерді тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Шара барысында көшелер қоқыстан тазартылды. Бұл игі бастама ауылымыздың тазалығын сақтауға және тұрғындарға үлгі болуға бағытталды.