Мал сою пунктінің ашылуы

Мал сою пунктінің ашылуы

Ағымдағы жылдың 18 ақпаны күні ауданда халыққа қызмет көрсететін тағы бір нысан іске қосылды. «С-Болашақ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне басшылық жасайтын  Амангелді Сатқали мал сою пунктін ашты. Аталмыш пунктің ашылу салтанатына аудан әкімі А.Көшкінбаев аудан әкімі орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Алғашқы болып сөз алған аудан басшысы мен ауыл ақсақалы Шахидолла Ишанғалиұлы жас кәсіпкердің аудан тұрғындары үшін жасап жатқан игі ісіне табыс тілеп, ақжарма тілектерін жолдады.  Одан әрі салтанатты жиынға қатысушылар заман талабына сай жасақталған  мал сою пуктінің ішін тамашалап, онда атқарылатын жұмыстармен танысты. Шара соңында  мемлекет тарапынан қолдау көріп,  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алу арқылы өз кәсібін бастап жатырған кәсіпкердің әкесі Қуаныш Сапаров сөз алып, мал сою пунктінің негізгі қызметі мен алға қойған мақсааттары туралы әңгімеледі. Қуаныш Сапаров өз сөзін  аудан әкімдігі мен бөлім басшыларына және ұлының бастамасына жан – жақты  қолдау білдірген барша жанашыр жандарға ризашылығын білдірумен қортындылады.