Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні Жаңақала ауданына іс-сапармен келді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні Жаңақала ауданына  іс-сапармен келді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні Жаңақала ауданына  іс-сапармен келді.

 

Ауданның тыныс-тіршілігін көзбен көріп, атқарылып жатырған игі істермен танысуға арнайы келген өңір басшысы алдымен ат басын Мәстексай ауылына бұрды. Бұл жерде жаңадан салынған дәрігерік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысып, мәстексайлық ағайынмен ауыл қуанышын бөлісті.

 

Келесі кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін С.Меңдешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебіне бас сұғып,мектептің тыныс-тіршілігімен танысты.  Сонымен қатар Н.Төреғалиев Мәстексай ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында  ашылыған  «АтаШал» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмыстарымен  танысып, ауыл халқын ет, сүт және тағыда басқа өнімдермен қамтамасыз етіп отырған кооператив басышысмен жүздесті.

 

Мәстексай ауылындағы кездесулерден соң облыс әкімі Жаңақала ауылына бет алып, жол бойында Жаңақала-Жаңақазан бағытындағы күрделі жөндеуден өткізіп жатырған жолдың сапасын  қадағалады. Н.Төреғалиұлы жол құрылысын жүргізіп жатырған мердігер компанияның басышысымен кездесіп, көптен бері аудандағы өзекті мәселе болып келе жатырған жол мәселесінің шешілуі ел үшін маңызды екендігін және оның сапалы жүргізілуі  қажет екендігін айтты.

 

Түстен кейін облыс әкім бастаған делегация  «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы шеңберінде «Қазақстан халқы  қоры» арқылы күрделі жөндеуден өткен Жаңақала мектеп-гимназиясында болып, көркі мен ісі сай келетін білім ордасының жұмысымен қанықты.

 

Одан соң қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан көшелеріне орнатылған бейнебақылау камераларының жұмысын қараған өңір басшысы С.Меңдешев ауылдық округіне жол тартты. Ол жерде күрделі жөндеуден өткен мектепті және жаңадан бой көтерген мәдениет үйін  аралап, ауыл халқы үшін салынған жайлы ғимараттардың жай-күйімен танысты.

 

Ауданда халық игілігі үшін атқарылып жатырған игі істерді көзбен көріп, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлы жұмыстармен танысқан облыс басшысы іс-сапар қорытындысы бойынша аудан басшысына бірқатар тапсырмалар берді.