Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары

Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары
Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары
Жазғы кезең әр адамның ең қызыққа және саяхатқа толы кезеңі. Әрбір адам саяхатқа шыққан уақытта судың жағасына баруды жоспарлайтыны туралы бәрімізге мәлім. Суға шомылу кезінде адам өміріне зардап келмес үшін, Жаңақала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сіздерді «Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін» қатаң түрде сақтауларыңызды талап етеді. Қауіпсіздік ережелерін қадағалау арқылы біз демалысымызды жақсы өткізіп қана қоймай адам өмірін сақтап қаламыз. Осыған байланысты, азаматтардың назарына бірінші кезектегі қауіпсіздік ережелерін еске саламыз:
Суға түсуге рұқсат етілмеген орындарда шомылуға;
Мас күйінде суға түсуге және шомылуға;
Балаларды қараусыз қалдыруға;
Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
Суға жарлардан, қайықтардан, катерлерден және секіруге бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге болмайды;
Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын тереңдігін мұқият қарап тексеріп алыңыз;
Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
Қоршау белгілерінен, бойлардан тысқары аумаққа шықпаңыз;
Техникалық ескерту белгілерінің, бойлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар;
Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
Үрлемелі матрастармен жағалаудан алысқа кетіп қалмаңыз;
Егер сіз ағысы қатты суға тап болсаңыз ағысқа қарсы жүзуге тырыспаңыз, күшіңізді сақтап ағыс бойынша жағаға қарай бет алыңыз;
Суда ойнауға, достарыңызды шалуға немесе батырып ойнауға болмайды.
Егер де Сіз, суға батып бара жатқан, суға шомылу ережелерін көрсеңіз жергілікті құтқару қызметкерлеріне «101» және «112» нөміріне дереу хабарласаңыздар!
Жаңақала ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімі