АУДАНЫМЫЗДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АУДАНЫМЫЗДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
АУДАНЫМЫЗДА СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Мастексай және С. Мендешев ауылдық округтерінде округ әкімдіктері және ауыл тұрғындары бірлесіп су басу қауіпі бар жерлерде көтеру жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, Қырқопа ауылының кірме жолы айналасындағы су өткізу нысандарының айналасын нығайту жұмыстары да жүргізілуде.
Бүгінгі күнге, су тасқының алдын алу мақсатында Жаңақазан, Кіші Айдархан, Жаңажол, Мастексай, Мұқыр, Сарыкөл аулыдары аймағында 7 мыңнан астам қапшықтармен құм дайындалып төселді.
Сонымен қатар, қауіп барлық ауылдар мен елді мекендерге арнайы техника жеткізіліп, қажетті жұмыстар жүргізуде. Қажеттілігі бойынша арнайы техника басқа да қауіпті жерлерге жолданатын болады.