
Өтiнiштер, мемлекеттiк билiк органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет етуiнiң маңызды құралдарының бiрi болып табылады. Өтiнiштi жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың маңызды институттарының бiрi ретiнде қарастыру қажет. Азаматтардың өтiнiштерi орын алған уақиғалар мен үдерiстер туралы өзiнiң пiкiрiн айту, жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзу және қарапайым тұрғыдан алғанда өзiнiң немесе өзге де азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн iске асыру мүмкiндiгi, «керi байланыс» болып табылады.
Жаңақала ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың әкiмшiлiк рәсiмдерi, нақтылы регламенттелген және бiр жүйеге келтiрiлген.
Азаматтардың Жаңақала ауданы әкiмi аппаратына тiкелей және өзi немесе өзiнiң өкiлi арқылы өтiнiш бiлдiруге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiш жолдауға құқығы келесi жолдармен жүзеге асырылады:
1. Халықтар достығы көшесi, 44 үй, 1кабинет (Кеңсе) мекенжайы бойынша аудан әкiмi аппаратының кеңсесiне жазбаша өтiнiш беру. Қазіргі кезде, Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес сақтық шараларына байланысты қолма-қол өтініштер алуға шектеу қойылып отыр. Алайда карантин режимі аяқталғаннан кейін қолма-қол өтініштер ұсынуға мүмкіндік болады.
2. «Қазпошта» АҚ пошта байланысы арқылы жазбаша өтiнiш беру
3. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясымен жүзеге асырылатын аудио және бейне ақпаратпен алмасу, бейне форматында бейне өтiнiш беру мүмкiндiгiмен нақтылы уақыт режимiнде қашықтықтағы бiрнеше абоненттердiң интерактивтi өзара әрекет етуi үшiн ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен бейнеконференц байланыс арқылы өтiнiш беру
4. www.egov.kz порталы арқылы электронды өтiнiш жолдау
5. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсы арқылы өтiнiш бiлдiру
6. Жеке қабылдауға 8 (71141) 21-8-37 телефоны арқылы жазылу, алайда қазіргі кезде, Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес сақтық шараларына байланысты азаматтарды жеке қабылдауларға шектеу қойылып отыр. Облысымыздағы карантин режимі аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдаулар бұрынғы бағытта, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетін болады.
Аудан тұрғындарынан алынып жатырған шараларға түсінікпен қараулары сұралады.
Жаңақала ауданы әкімі аппаратының бас маманы С.Турдалиев