Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Е. Қажиевке
БҚО Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылғы 7-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Өткен 7-10 желтоксан күндері арктиқалық антициклонның енуіне байланысты облыс бойынша ауа-райы жауын-шашынсыз болды, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соқты. Түнде ауа температурасы 10-12, күндіз 5-10 градус аяз болды.
Батыс Қазақстан облысында Астана қаласы, Қазгидромет РМК ұзақ мерзімді болжамдар бөлімінің болжамдары бойынша 11-15 желтоқсан аралығында антициклоның жотасының ықпалына байланысты ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 10-12 градус аяз болады.
Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты 16-20 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14 м/с, 18-20 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяздан 5-10 градус аязға дейін, күндіз 8-10 градус аяздан 3-5 градус аязға дейін көтеріледі.
Директор Т. Шапанов
Издатель ЭЦП - ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (GOST), ШАПАНОВ ТІЛЕГЕН, Филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казгидромет" Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан по Западно-Казахстанской области, BIN120941001476
Орн:Оспанова Д.Е
Тел: 52-20-21
https://seddoc.kazhydromet.kz/I3Qlyc