Электрондық үкімет дегеніміз не?

Электрондық үкімет дегеніміз не?

Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге қолайлы жағдайлар – бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар, және жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен толықтырылуы да мүмкін. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын, азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін мемлекет.

Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады),  коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-да жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға,  кез-келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

 Электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін қолдану үшін

  • e.gov.kz – «Электрондық үкімет» порталында тіркелу қажет,
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)  дегеніміз  не?

ЭЦҚ – электрондық құжатқа қолы қойылып, мөрі басылған қағаз тасығыштағы құжатпен тең заңды күш беру үшін пайдаланылатын адамның өз қолтаңбасының аналогы. ЭЦҚ электрондық құжаттың реквизиті болып саналады, ол электрондық тіркелу куәлігін және ЭЦҚ жабық кілтін пайдалану арқылы ақпаратты криптографиялық түрлендірудің нәтижесінде алынады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны келесі сақтау типтеріне алуға болады:

-  файлдық жүйе  - аталмыш тармақты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктер файлдар түрінде сіздің дербес компьютеріңізде сақталатын болады;

- Kaztoken - аталмыш тасымалдағышты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктері пин-код көмегімен қорғалған кілт ақпарат сыртқы қорғалған тасымалдағышында сақталатын болады;

- E-Token – осы тармақты таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері пин-кодтың көмегімен қорғалған сыртқы қорғалған негізгі ақпаратты тасымалдаушыда сақталатын болады. Бұл сақтау орнының артықшылығы – жабық кілттерді көшірудің мүмкін еместігі, кемшілігі – тасушыны сатып алу қажеттілігі.

- AKEY – осы тармақты таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері пин-кодтың көмегімен қорғалған сыртқы қорғалған негізгі ақпаратты тасымалдаушыда сақталатын болады. Бұл сақтау орнының артықшылығы – жабық кілттерді көшірудің мүмкін еместігі, кемшілігі – тасушыны сатып алу қажеттілігі.

- JaCarta – осы тармақты таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері пин-кодтың көмегімен қорғалған сыртқы қорғалған негізгі ақпаратты тасымалдаушыда сақталатын болады. Бұл сақтау орнының артықшылығы – жабық кілттерді көшірудің мүмкін еместігі, кемшілігі – картридер сатып алу қажеттілігі.

- SIM-картадағы ЭЦҚ - осы тасымалдаушыны таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері телефонның sim-картасында сақталады. Тиісті sim картасын ұялы байланыс операторларының сату бөлімдерінен сатып алуға болады.

-  жеке куәлігі - жеке куәліктің чипіне ЭЦҚ жазу үшін (жеке тұлғалар үшін) жеке куәлікті көрсетіп, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (ХҚКО) жақын бөліміне бару қажет. Жеке куәлікте жазылған ЭЦҚ әрі қарай жұмыс үшін картридер алу қажет. Осы туралы толығырақ  осы парақтан біле аласыз.

ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.

ЭЦҚ шығаруға онлайн-өтінім беру рәсімі төрт қадамнан тұрады:

1-қадам - Нұсқаулықты меңгеру және БҚ орнату

2-қадам - Онлайн-өтінім беру

3-қадам - "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ онлайн-өтінімді растау

4-қадам - ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін орнату.

Нұсқаулықты меңгеру және бағдарламалық қамсыздандыруды орнату

Тіркеу куәлігін алу үшін сізге бағдарламалық қамсыздандыру орнату қажет:

ЭЦҚ алуға онлайн-өтінім берер алдында пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз. ЭЦҚ-ны пайдалану – өз қолымызбен қойылатын қолтаңбаны толыққұнды ауыстырады. ЭЦҚ 16 жастан бастап беріледі, қолданыс мерзімі 1 жыл.