Хабарлама

Хабарлама

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар күніне орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының мәртебесін арттыру, ата-аналардың балалардың, соның ішінде мүгедектігі бар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған, Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар арасында  «Қарлығаш»- әр үйге бақыт ұяласын» конкурсын ұйымдастыруда.

Конкурс өңірімізде алғашқы рет ұйымдастырылып, өткізілгелі отыр, бірінші туры жергілікті жерлерде қыркүйек айында өткізіліп, облыстық турга жеңімпаздар іріктелуі керек.

Конкурсқа қатысушы адамдарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарды тапсырып, қатысуға өтінімін жолдайды.

Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;

4) балаларының жетістіктері;

5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;

6) отбасы құрамы;

7) отбасы мүшелерінің мүгедектігі бар баланы оңалтуда арнайы қолданатын әдістері мен қолдау шаралары;

8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты).

Осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап, ағымдағы жылдың  22 қыркүйегіне  дейін қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

 7) отбасы мүшелерінің мүгедектігі бар баланы оңалтуда арнайы қолданатын әдістері мен қолдау шаралары;

 8) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

 Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

  1. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  2. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Конкурс туралы  толық ақпаратты Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп немесе 21-9-31, 87786905843,87472820963 телефон арқылы хабарласып  алуға болады.