Жеке кәсіпкердің назарына

Жеке кәсіпкердің назарына

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2020» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелеріне» сәйкес конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурстың лауреаттары атақтарын тағайындауы келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

  • Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
  • Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;
  • Үздік ұжымдық шарт;
  • Экологияға қосқан үлесі үшін.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйекке дейін.

Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан немесе Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2, 405-бөлме, www.aleumet-bko.gov.kz, 8/711-2/ 51-28-66 телефоны арқылы алуға болады. 

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Жаңақала ауданы, Халықтар Достығы көшесі, №69 үй, байланыс телефоны

8711 4121930, 21931; эл. Мекен жайы: jangala61@mail.ru.

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі