БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен еліміздің тұрақты даму қағидаттарын және «жасыл» экономиканы ілгерілету бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Осы жұмыс аясында тұрғындардың экологиялық білімі мен экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік бейнероликтер әзірледі.
Облыстың 2021-2025 жылдарға даму бағдармасының экология бойынша «Экологиялық ақпараттық науқанмен қамтылған тұрғындар саны» нысаналы көрсеткіштерінің орындаушысы Орал қаласы және аудандар әкімдері болып табылады. Аталған көрсеткішктің орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық бейнероликтерді қала және аудан әкімдігінің ресми сайтына орналастыру сұралады.
Бейнероликтер төмендегі сілтемеде қолжетімді: