Мамандандырылған мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде заңдастыруға өтініштерді қабылдау үшін қосымша 10 жұмыс орны ашылады

Мамандандырылған мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде заңдастыруға өтініштерді қабылдау үшін қосымша 10 жұмыс орны ашылады

Мамандандырылған ХҚК бөлімінде  заңдастыруға өтінімдерді қабылдау  барысында  қосымша 10 жұмыс орны ашылады  Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына  екі аптаға жуық уақыт қалғандықтан,  қызмет алушылар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылықпен мамандандырылған бөлімде ұзын сонар кезек тудырып отыр. Осыған байланысты  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  БҚО  филиалының ХҚК бойынша мамандандырылған бөлімінде  заңдастыруға өтінімдерді қабылдау  барысында  қосымша 10 жұмыс орны ашылып,  басқа бөлімдерден  қызметкерлер жұмысқа тартылып,  күшейтілген  жұмыс режимі іске қосылды.Сонымен қатар заңдастыруға   eGov.kz  порталы арқылы және екінші деңгейлі банктердің мобилдік қосымшасы арқылы берілген өтінімдер   1 шілдеден кейін де уәкілетті органда қаралатындығын естеріңізге саламын