Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің Жаңақала ауылы тұрғындарымен кездесуі жалғасуда

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің Жаңақала ауылы тұрғындарымен кездесуі жалғасуда

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің ауыл тұрғындармен кездесуі ағымдағы жылдың 14 маусым күні «Даңқ» саябағы мен «Зерде» дүкенінің алдында өтті. 

Ол жерге 8 наурыз, С.Меңдешов, Ж.Сүлекешов, 1 мамыр, И.Тайманов, С.Бабажанов, И.Меңдіханов, Ж.Ильясов, А.Оразбаева көшелерінің тұрғындары қатысты.

Тұрғындар кездесуде әртүрлі бағытта біраз мәселені аудан әкімімен бірге талқылап, өтініштерін жеткізді. Оның ішінде жол салу, жарықтың жиі өшуі, көше шамдары, техникалық сумен қамту, саябақтарды абаттандыру және интернет жылдамдығына қатысты мәселелер аудан әкімінің назарына алынды.