
Ағымдағы жылдың 6 маусым күнгі кездесу барысында тұрғындар аудан әкімінен бөлек, аудан әкімінің орынбасарлары, құзырлы бөлім басшылары, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшыларына да сұрақ қоюға мүмкіндік алады.
А.Оразбаева, Ұ.Рахматуллин, М.Жүнісов, 1 мамыр, Халықтар Достығы, М.Мәметова көшелері А.Оразбаева көшесінен бастап Е.Орақбаевқа дейін және І.Еділбаев көшесі қиылысынан бастап Астана, К. Мендалиев, А.Жантөрин, Е.Орақбаев көшелері С.Бабажановқа дейін, Болашақ ықшам ауданы, О.Қабиғожин көшелерінің тұрғындарымен кездесу №3 мектеп ауласында өтті.
Аудан басшысына кездесуге келген тұрғындар аталмыш көшелерге жол салу, жасанды жол кедергісін орнату, интернет жылдамдығын арттыру, техникалық сумен қамтамасыз ету, мал бағуға қатысты өзекті деген бірқатар мәселелерді жеткізді.