Орал қаласы және барлық аудан әкімдеріне
Жер учаскелерін конкурс арқылы жалға беруді интернет-ресурста орналастыру туралы
ҚР Жер кодексін басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 ж. 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу туралы қағидаға» сәйкес Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша 2023 жылдың 3 шілдесінде конкурс өткізу жоспарланды.
Осыған байланысты қосымша жолданатын хабарламаларды ресми интернет-ресурстарыңызда орналастыруларыңыз сұралады.
Қосымша: 2 файлда.