Отбасы банк "Дипломмен ауылға!" мемлекеттік бағдарламасының операторы болып тағайындалды

Отбасы банк "Дипломмен ауылға!" мемлекеттік бағдарламасының операторы болып тағайындалды

Отбасы банк "Дипломмен ауылға!" мемлекеттік бағдарламасының операторы болып тағайындалды

 

Бұл бағдарламаға ауылдық жерге тұру және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Олардың барлығы жергілікті әкімдіктен 0,01% мөлшерлемесі бойынша 1500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде кредит алуға үміткер бола алады. Қарыз тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап –  мамандар ауылдық жерлерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Қазіргі уақытта мұндай қарыздарды 38 000 қазақстандық азамат алды. Бұрын олардың кредиттік төлемдеріне Аграрлық кредит корпорациясы қызмет көрсетіп, мониторингін жүргізген. Дәл осы компания "Дипломмен ауылға!" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қаржы агенті болды.

Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға!"  бағдарламасының қаржы агенті болып Отбасы банк (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды.

Енді осы бағдарлама шеңберіндегі ағымдағы қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша кредиттері бар қазақстандық азаматтар Отбасы банкте депозит пен ағымдағы шотты ашуы қажет. Бұл қарыз алушылардың болашақта мерзімді өткізіп алмауы және өсімпұл есептелмеуі үшін жасалатын шара. Отбасы банкте депозит пен ағымдағы шот ашылғаннан кейін олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуін жалғастырады.

Депозит пен ағымдағы шотты ашудың тәсілдері:

- Otbasy bank мобильді қолданбасында онлайн;

- ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;

- жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу арқылы.

 

 

 

***

 

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елдегі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының федерациясы (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағынан тұрады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның  жалғыз акционері болып табылады.