Некеге тұратын азаматтардың назарына !

Некеге тұратын азаматтардың назарына !

Некеге тұратын азаматтардың назарына !

 

Некені тіркеу адам өміріндегі ең салтанатты кезеңнің бірі болып табылады.Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.Жас жұбайлар алғашқы отбасылық құжатын –неке қию туралы куәлігін алады. Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес,некені (ерлі-зайыптылықты) мелекеттік тіркеу (некеге тұрушылардың еркі бойынша) тіркеу органдарының тиісті ғимаратында немесе мемлекеттік неке сарайында салтанатты түрде өткізіледі.                                                           Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын беріледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

 Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша, тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ұ.Жанатқызы