
2022 жылдың 27 қазан күні аудандық мәдени-демалыс орталығында қазақ соқырлар қоғамының қоғамдық бiрлестiгiнiң БҚО филиалының облыс көлемінде көз жанарынан айырылған мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен, қазақ соқырлар қоғамының құрылғанына 85 жыл толуына және қайырымдылық айлығы аясында «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында қазақ соқырлар қоғамының қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Мұрат Қадырбеков барша көрермендерге қош келдің айтып, ізгі тілегін жолдаса, шара соңында аудан әкімі Дархан Закарин құттықтау тілек айтты.