
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары, алдағы кезеңге басымдықтар мен міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысы өтті.
Оған Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Алқа отырысында сөз сөйлеген МҚІА төрағасы Анар Жайылғанова Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның бірінші бағытын іске асыру аясында мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіру мәселесі Агенттік жұмысындағы басымдық болып қала беретінін атап өтті.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин өз сөзінде Агенттіктің мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік басқарудың сервистік моделін қалыптастыру бойынша Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді сапалы іске асыру қажеттігі туралы айтты.
Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру кезінде шектен тыс бюрократия, мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе басшы қызметкерлердің жоғары ауысымдылығы, мемлекеттік органдарда тиісті институционалдық жадтың болмауы, мемлекеттік қызметшілерді тұрақты қайта өңдеу және өңірлер арасындағы ротацияны төмендету мәселелерін атап өтті.
Жұмыстың басым бағыттары шеңберінде Агенттік үшін мемлекеттік басқаруды дамыту Тұжырымдамасында және жүйелі бастамаларда көрініс табуы тиіс жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттілігі, мемлекеттік қызметшілер санын оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыруды ескере отырып, факторлық-балдық шәкіл негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және Мемлекеттік қызметтің имиджін жақсарту белгіленді.
"Қоғам азаматтардың сұраныстарына сәйкес келетін Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін күтуде. Бүгінде барлық мемлекеттік органдар жұмысты түбегейлі өзгертіп, бюрократияны төмендетіп, мемлекеттік орган ішінде де, өзара да бизнес-үдерістерін оңтайландыруы тиіс", - деп атап өтті ол.
ҚР МҚІА баспасөз қызметі