Оралда жаңа ХҚО секторы ашылды

Оралда жаңа ХҚО секторы ашылды

Енді "QURYLYSDEVELOPMENT" ЖШС-нен пәтер сатып алған азаматтар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады. Бұл жөнінде арнайы Меморандумға қол қойдық.

Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін ХҚО-ға немесе нотариустарға жүгінуге тиіс болатын. Жаңа сектордың ашылуы сатып алушыға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын құрылыс компаниясының сату кеңсесінде нотариустың қатысуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттер  жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасауға уақыт пен ақшалай қаражатын үнемдейді.

Сектор С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде орналасқан.