
2022 жылдың 17 тамыз күні Жаңақала аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңеске аудан әкімі және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі қамтылған мәселелер: Жаңақала аудан әкімінің есебі, аудандық аурухананың атқарған жұмыстарының есебі, аудан мектептерінің жаңа 2022 -2023 оқу жылына дайындығы, Жаңақала ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №5 «Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу, Жаңақала аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі №6-1 «Жаңақала ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №68 «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы болды. Қоғамдық кеңесте қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер арасында жиналыс ұйымдастыру, онколог дәрігерлердің білімділік сапасын арттыру, Жуалыой елді-мекеніндегі 5 педагог маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мектептердегі бейнебақылау жүйелерін қалпына келтіру, мектептерді қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз ету сынды ұсыныс - пікірлер айтылды.