
Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні ауданның шаруашылық - әлеуметтік кешендерін 2022-2023 жылдардың күзгі-қысқы маусымына әзірлігі туралы кеңес отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі, аудан әкімінің бірінші орынбасары, аудандық білім беру бөлімінің басшысы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басшысы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, аудандық орталық ауруханасы директорының м.а және «коммуналдық кәсіпорын» директоры қатысты. Аудан әкімі жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы орындау үшін бөлім, мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар берді.