
2022 жылдың 17 тамыз күні аудан әкімі Д.Ә.Закарин Жаңақала ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан әкімі, дербес бөлім және мекеме басшыларының қабылдауына жазылып, өз өтініштерін білдірді.
Ауыл тұрғындарының көтерген басты өтініштері: жұмысқа орналасу, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, «мектепке жол» акциясы негізінде әлеуметтік көмек алу және қаржылай көмек алу сынды мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында қойылған басты сұрақтарға заң аясында жауап беріліп, ұсыныстар қабылданды.
Көтерілген мәселелерді шешу үшін аудан әкімі ауылдық округ әкіміне, жауапты дербес бөлім және мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.