Хабарлама

Хабарлама

«Жаңақала ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылы 02 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00 gosreestr.kz электрондық порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион (ағылшын әдісі) өткізіледі.

Байқауда жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

р/с

Құқықтан айыру түрі

Жер учаскесінің алаңы (га)

Нысаналы

Мақсаты

Жер учаскесінің

орналасқан жері

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны

Жылдық жалға беру ақысы, теңге

Бастапқы құны, теңге

Кепілдік жарнаның сомасы (теңге)

1.

3 жылға  жалдау құқығы

0,1250

Автокөлік жөндеу орталығы құрылысын салу үшін

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Е.Орақбаев көшесі 49-құрылыс

570 000

 

2280

34 200

 

153 150

2.

3 жылға  жалдау құқығы

0,1250

Наубайхана құрылысын салу үшін

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Е.Орақбаев көшесі 47-құрылыс

570 000

 

2280

34 200

 

153 150

3.

3 жылға  жалдау құқығы

 

0,1600

Ғимаратқа қызмет көрсету үшін

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, К.Карменов көшесі

729 600

 

2918

43 776

153 150

                   

Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде, балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Әрбір сатылған сауда-саттық обьектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаздың қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

Сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар жүргізіледі, бұл ретте, сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

 1) аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі;

 2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен тиісті шешімі мен қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу – сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті, барлық жер учаскелерінде ауыртпалықтар (шектеулер) жоқ.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Электрондық өтініш берілген жағдайда:

Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.

Аукционға қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 17 тамыз күні сағат 09:00 бастап жүргізіліп, аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын 01 қыркүйек күні сағат 11:00 - де аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер gosreestr.kz электрондық порталында қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (71141) 21-8-92