
Ағымдағы жылдың 5 тамыз күні “Бір ауыл-бір өнім” республикалық жобасы негізінде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімі,аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қатысты. Жиында алдағы уақытта ауданымызда өтетін «Бір ауыл- бір өнім» республикалық жобаның өткізу барысын және дайындық жұмыстары туралы мәселелер талқыланды.Жиын барысында жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.