Жаңақала ауылдық округі бойынша құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Жаңақала ауылына қарасты 17 жобалық көшеге атау беру ұсынылды.
Жиналысты Жаңақала ауылдық округі әкімінің м.у.а А.Ишанов ашты және төрағалық етті.
Жаңақала ауылдық округі бойынша Жаңақала ауылында өткізілген халық жиынының негізінде барлық жазбаша түскен ұсыныстар осы қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына беріліп, әрқайсысы таныстырылды. Қорытындысында ұсыныс көпшілігі пікірлер қайшылығы туғызбады. Осы жұмыс тобының келісімімен төмендегідей атауларды ұсынамыз: