Қазақстанда отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген

Қазақстанда отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген

Қазақстанда отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Бей-берекетсіз блогерлер мен шенеуніктерді сынға алған Мемлекет басшысы: «бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді», деп қынжылыс білдірді.

Орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауы тиіс екенін ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керек. Себебі, қоғамның дамуы үшін ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі – заң мен тәртіп қағидасы ең басты бағдарымыз болуы тиіс.