Штаб мүшелері аурухана ұжымымен кездесті

Штаб мүшелері аурухана ұжымымен кездесті

Аудандық аурухананың мәжіліс залында референдум өткізу бойынша аудандық штаб жетекшісі Талғат Жанболатов, референдум өткізу жөніндегі штаб төрағасының орынбасары Әлихан Досмұхамбетов аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Келелі жиында штаб төрағасының орынбасары Ә.Декартұлы референдум ұғымын түсіндіріп, 5 маусым күні өткелі тұрған республикалық референдумның маңыздылығымен таныстырды. Сонымен қатар ақ халатты абзал жандарға конституциямызға келелі өзгерістер енгізілетіні жайында хабарлап, референдумға белсенділікпен қатысуға шақырды.