ЖАҢАҚАЛАДА ҮШ ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

ЖАҢАҚАЛАДА ҮШ ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

Жаңақала ауылында 2020-2022 жылдары "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде 3 қабатты 21 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы салынды.

Мердігері "Нұр-Құрылыс-Болашақ" ЖШС. Тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органның тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тіркелген азаматтарға арнап салынды.

Осы аталған 21 пәтерді бүгін яғни 2022 жылдың 14 мамырында аудан тұрғындарына тұрғын үй кілтін тапсыру шарасы өтті.

Аталған тұрғын үй 2 кіре берістен тұрады. Жалпы пәтердің саны - 21 1 бөлмелі - 6 пәтер (жалпы алаңы 32,71 ш.м), 2 бөлмелі - 12 пәтер (47,53 ш.м., 49,66ш.м., 50,26 ш.м), 3 бөлмелі - 3 пәтер (67,12 ш.м). Тұрғын үй кезекте тұрғандардың 4 санаты бойынша берілді. Атап айтсақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар санатына - 6 пәтер, жалғыз үйі апатты деп танылғандарға - 5 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (I және II топтағы мүгедектер, толық емес отбасы, зейнеткер) - 5 пәтер, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне - 5 пәтер кілті табысталды.