
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 санды «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев 2022 жылдың 21 мамыр күні сағат 10.00- де Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында аудандық мәдени демалыс орталығы ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Жаңақала ауданы әкімдігінің akimjangala@bko.gov.kz электронды поштасына және whatsapp желісіндегі +7 777 387 09 81 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты – жөні, тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі қажет.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты.