«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ. Қазірдің өзінде ХҚО-ларда 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.
Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды.