Кезектен тыс ХХІ сессия

Кезектен тыс ХХІ сессия

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті. Аудандық мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиевтің жүргізуімен өткен жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық мәслихат депуттаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Жақашев аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-1 «2022-2024 жылдарға арналған Бірлік ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәлімдеме жасады. Келесі мәселе бойынша Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Ишанов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-2 «2022-2024 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады. Үшінші мәселе бойынша Жаңақазан ауылдық округінің әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ақжарқын Әміржанқызы аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-3 «2022-2024 жылдарға арналған Жаңақазан ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады. Төртінші мәселе бойынша Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-4 «2022-2024 жылдарға арналған Жаңақала ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәлімдеді. Келесі мәселе бойынша Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Бектілеу аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-5 «2022-2024 жылдарға арналған Көпжасар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеpістер енгізу туралы баяндама жасады. Алтыншы мәселе бойынша Қызылоба ауылдық округінің әкімі Аманжол Жұмағазиев аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-6 «2022-2024 жылдарға арналған Қызылоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлады. Келесі мәселе бойынша Мәстексай ауылдық округінің әкімі Ержан Тілепбергенов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-7 «2022-2024 жылдарға арналған Мәстексай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәлімдеме жасады. Сегізінші мәселе бойынша С.Меңдешев ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-8 «2022-2024 жылдарға арналған С.Меңдешев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады. Келесі мәселе бойынша Пятимар ауылдық округінің әкімі Жақсылық Хайрелов аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №16-9 «2022-2024 жылдарға арналған Пятимар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады. Соңғы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-2 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәлімдеді. Жиын қорытындысында ұсынылған мәселелер толық қолдау тауып, шешім жобасы бекітілді.