
Көктем мезігілі шығып, жер-жерде тазалық айлығы басталып та кетті. Ауылымызды көркейту, көгалдандыру мақсатында апта сайын сенбілік өтуде. Ал бүгін жаңадан салынып жатқан 2 пәтерлі 40 үйдің жанындағы саябаққа тал егу жұмысы басталды.
- Жаңадан салынған саябаққа барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылып жатыр. Көшет отырғызудың мақсаты – Президенттің берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. Бүгінгі күні 2600-ден астам ағаш көшеттері осы жаңа саябаққа отырғызылды. Бұл саябақты күтіп ұстау Жаңақала ауылдық округінің меншігінде болып саналады. Сондықтан біздер бұның жайқалып өсіп кетуіне әрі қарай жағдай жасайтын боламыз, - деді Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов.