
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының мамандары келіп, ауданымызға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Нақтырақ айтсақ, туляремия ауруының алдын алу, кенелерді, кеміргіштерді жою немесе санын төмендету мақсатымен жыл сайын жасалатын залалсыздандыру жұмысын арнайы техникалардың көмегімен атқарды. Жаңақала ауданының Плантация, Жаңақала, Пятимар, Бірлік, Ақбалшық, Жолқұдық елді мекендерінің айналасында кедергілік дезинсекция, дератизация шараларын өткізді.
Залалсыздандыру жұмысы сәуір айының 11-24 күндері аралығында өтеді.