Жеке куәлігіңіздің қолданылу мерзімі өткеннен 1 айдан астам уақыт ауыстырмасаңыз, осы мөлшерде айыппұл салынады. Сондықтан құжатыңызды уақытылы реттеңіз. Мерзімі келмес бұрын ертерек ауыстыруға болады.
Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК (612,6 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін жеделдетуге болады.
Паспорт мерзімі өткен жағдайда айыппұл қарастырылмаған. Ол шетелге шығу үшін пайдаланылатын құжат. Төлқұжат алу үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Мемлекеттік баж мөлшері – 8 АЕК (24504 теңге).