GOV.KZ: ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАР. Сәбидің дүниеге келуі

GOV.KZ: ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАР. Сәбидің дүниеге келуі

Баланың дүниеге келуі - әр адамның өміріндегі маңызды және жауапты қадам.

Егер сіз жақында ата-ана атанатын болсаңыз, сізге қандай қызметтер пайдалы болуы мүмкін?

Өз уақытыңызды үнемдеп, аталған қызметтерді #ӨмірлікЖағдайлар бөлімінен онлайн алуға болады.

Ол үшін www.gov.kz сайтына өтіп #ӨмірлікЖағдайлар бөлімінде «Отбасы» қойындысын таңдаңыз.

Әрі қарай, сізге қандай қызметтер қажет екенін ретімен көре аласыз:

Емханаға тіркелу;

Дәрігерге есепке тұру;

Жүктілік кезінде декрет демалысына шығу;

Бала дүниеге келгенін тіркеу;

Балабақша кезегіне тұру;

Төлемдер мен жәрдемақыларды алу.

Сіз қажет ақпаратты бір жерден таба аласыз: барлық материалдарда қосымша ақпарат, мемлекеттік қызметтерге сілтемелер бар.

Аталған қызметтер www.gov.kz сайтында қолжетімді.

#egov #ӨмірлікЖағдайлар #govkz