
Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.
Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.
Конституцияның және аталған заңның ережелеріне сәйкес Президентті, Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілді органдар депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
Еліміздегі өткен сайлау процестері аудан тұрғындарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану құқығын іске асыруға бағытталған.
Сайлау процестерінің тарихына үңілер болсақ еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 6 Президенттік, 2005 жылдан көппартиялық жүйе қалыптасқаннан кейін 4 Парламенттік Мәжілісіне және біздің ауданымызда 7 рет аудандық мәслихат депуттарының сайлауы өткізілді.
Эксперимент ретінде республикамызда 1999 жылдан 2006 жылға дейін 4 сайлау науқаны өткізілгенін атап өткім келеді. (1999,2001,2005 және 2006 жылдары) жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерін сайлау бойынша.
1999 жылы 29 мамырда Алматы облысы Шамалған ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы өтті.
2001 жылы 20 қазанда 28 әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл әкімдері өз өкіл-таңдаушылары арқылы сайланды. Соның ішінде біздің ауданымыз бойынша Бірлік ауылдық округінде сайлау болғанын баршаңызда білетін боларсыздар.
2005 жылы 12 тамызда Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының 4 ауданында аудан әкімдерін сайлау өтті. Бұл сайлауда да алғаш рет біздің ауданның әкімі сайланған болатын.
2021 жылғы 25 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық Заңына және" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық Заңына сәйкес барлық деңгейдегі ауылдық округ әкімдерінің сайлаулары тікелей жүргізіліп келеді.
2021 жылғы 23 маусымда Президент облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының қатысуымен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Іс-шараны ашқан Президент алдағы сайлау науқанының маңыздылығын атап өтті.
«Бұл оқиға біздің еліміздің тарихындағы маңызды кезең және Біз үшін стратегиялық маңызды міндет деп айтуға болады. Алғаш рет азаматтарымыз жергілікті атқарушы билік басшыларын тікелей сайлауға мүмкіндік алады. Біз бұған біртіндеп және жоспарлы түрде қадам бастық, - деді» Мемлекет басшысы.
Осыған орай 2021 жылдың 25 шілдесінде Жаңақала ауданының Бірлік, Жаңажол, Жаңақазан және Көпжасар ауылдық округі әкімдерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты кезекті сайлауы өтті. Бірлік ауылдық округі бойынша сайлауға түскен үш үміткердің арасынан сайлаушылардың 304 (52,23%) дауысына ие болған Жакашев Ерболат Куанышевич Бірлік ауылдық округі әкімі болып сайланса, Жаңажол ауылдық округі бойынша сайлауға түскен үш үміткердің арасынан сайлаушылардың 338 (65,37%) дауысына ие болған Ишанов Айбек Миразатович Жаңажол ауылдық округі әкімі болып сайланды, Жаңақазан ауылдық округі бойынша сайлауға түскен екі үміткердің арасынан сайлаушылардың 371 (56,98%) дауысқа ие болған Лукпанов Алибек Нариманович Жаңақазан ауылдық округі әкімі болып сайланды және Көпжасар ауылдық округі бойынша сайлауға түскен үш үміткердің арасынан сайлаушылардың 319 (60,07%) дауысына ие болған Бектлеу Нұрбол Серікұлы Көпжасар ауылдық округі әкімі болып қайта сайланды.
2021 жылдың 17 қазанында Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты кезекті сайлауы және С.Меңдешев ауылдық округі әкімінің қайтыс болуына байланысты кезектен тыс сайлауы өтті. Жаңақала ауылдық округі бойынша сайлауға түскен екі үміткердің арасынан сайлаушылардың 970 (55,27%) дауысына ие болған Капанов Ахан Болатович Жаңақала ауылдық округі әкімі болып сайланса, С.Меңдешев ауылдық округі бойынша сайлауға түскен үш үміткердің арасынан сайлаушылардың 162(57,04%) дауысына ие болған Ахметов Абзал Гайноллин С.Меңдешев ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Алдағы 2022 жылы ауданымыз бойынша ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жоқ. 2023-2024 жылдары Пятимар, Мастексай және Қызылоба ауылдық округтерінде әкімдердің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты қайтадан сайлау өтеді.
Сайланған әкімдерге және болашақта сайланатын әкімдерге сенімнің жүгі де, жауапкершілік жөні де әлдеқайда бөлек, ерекше екенін айтып жату артық шығар. Алдағы уақыттарда басқа да бірліктерде өз кезегімен өткізілетін мұндай тікелей сайлаулар қоғамды одан әрі демократияландыруды өрістететін бір қуатты қозғалыс болары сөзсіз.
Жаңақала ауданының сайлау комиссиялары 1 аумақтық және 24 учаскелік сайлау комиссияларынан тұрады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы 7 адамнан, 24 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы 130 адамнан тұрады. Жаңақала аудандық мәслихатымен 2019 жылғы 10-шы қаңтарда сайланып, мәслихат шешімімен бекітілген.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатарынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес төраға орынбасары мен хатшы өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратыны туралы шешім қабылданған. Қазіргі кезде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының орны бос тұр (Ваканция). «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» директорының бұйрығына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы 2020 жылдың 5-ші қаңтардан бастап жұмыс жасап келеді.
24 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлаушылардың санына байланысты 130 адамнан тұрады. Соның ішінде 1 сайлау комиссиясы 9 адамнан, 3 сайлау комиссиясы 7 адамнан және 20 сайлау комиссиясы 5 адамнан жасақталған. Заңға сәйкес шығып қалған комиссия мүшелері аудандық мәслихатпен қайта сайланып отырылады.
«Бұл күн азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару үшін арналған. Сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталған» сондықтанда ауданымыздағы қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялар өкілдерімен бірлесе отырып, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстарын күн тәртібінен түсірмей үнемі жұмыстанып отыруымыз керек.
Жанболат Бақтыгереев
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы