
Жаңақала ауданы әкімі аппаратының 1-ші қабатында «Ашық әкімдік» кеңсесі ағымдағы жылдың 14 желтоқсанынан бастап қызмет көрсетеді. «Ашық әкімдік» кеңсесінде ауданымыздың 8 мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттіқ қызметтер бойынша, сондай-ақ «өзін-өзі қамту» бұрышы арқылы қажетті қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігі қарастырылғанын қаперіңізге береміз.