Тіл жанашырлары марапат төрінде

Тіл жанашырлары марапат төрінде
Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – тұтастық туы» атты салтанатты шара өтті. Халқымыздың рухани байлығы, өткені мен бүгіні, болашағы саналатын тілдің мәртебесін асқақтату мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов және ана тіліміздің абыройын асырып, мерейін тасытып жүрген аудандағы тіл жанашырлары қатысты.
 
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы мереге орай өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Одан әрі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы Салтанат Борашеваны, «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев пен ұлағатты ұстаз Айкөркем Мұханбетованы марапаттады. Ал, республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегерлері атанған жерлес ақындарымыз Сыйлыхан Жұмасалық пен Мәрлен Ғилымхан аудан әкімінің құттықтау хатына ие болды. Сонымен қатар, «Туған жерім – тұғырым» атты қашықтан өткен шығармалар байқауынан ІІ орын алған Назкен Қуанова мен сол байқауда дипломант атанған Дильназ Ғинаятоваға диплом мен шағын естелік сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңы әсем әуенмен мәресіне жетті.
 
«Жаңарған өңір» ақпарат